426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Колумбияда вирустың таралу қарқыны бәсеңдемей тұр

  • 166
Колумбияда вирустың таралу қарқыны бәсеңдемей тұр

Колумбияда соңғы тәулікте коронавирусты жұқтырудың 9 мыңнан аса дерегі тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша науқас саны 633 мыңнан асып кетті. Мемлекет індет жұқтырғандар саны бойынша әлемдік «антирейтингте» алтыншы орында тұр. Колумбиядан бөлек, бұл тізімнің алғашқы ондығына Латын Америкасындағы Бразилия, Перу, Мексика мен Аргентина да кіреді. Індеттің өршіп тұрғанына қарамастан билік жалпыұлттық карантинді әрі қарай созбау шешімін қабылдаған. Ол наурыздың соңында енгізіліп, 1 қыркүйекке дейін бірнеше рет ұзартылып келді. Алайда қазіргі уақытта экономиканы қалпына келтіру маңызды болып тұр. Өйткені 5 айға жалғасқан карантин салдарынан мұнда жұмыссыздық деңгейі рекордтық 25 процентке дейін жеткен.   

Хабар 24 телеарнасы