420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексикада әскерилер 3 тоннаға жуық есірткі тиелген қайықты ұстады

  • 127
Мексикада әскерилер 3 тоннаға жуық есірткі тиелген қайықты ұстады

Мексиканың әскери-теңіз күштері 3 тоннаға жуық кокаин тиеген қайықты ұстады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға осы елдің шығысындағы Кинтана-Роо аймағында болды. Теңізде жоғары жылдамдықпен жүзген қайық әскерилерге күдік тудырған. Осыдан кейін оны тексеру туралы шешім қабылданып, операция нәтижесінде әскерилер қайықтың ішінен 74 қап кокаин есірткісін тапқан. Үш адам тұтқындалып, жүктің қай жерге апара жатқаны тексеріліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы