420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гарри ханзада мен Меган Маркл Netflix-пен келісімшартқа отырды

  • 130
  • UPD: 14:52, 03.09.2020
Гарри ханзада мен Меган Маркл Netflix-пен келісімшартқа отырды

Ұлыбритания ханзадасы Гарри мен оның әйелі Меган Маркл Netflix-пен көпжылдық келісімшарт жасасты.

Гарри мен Меган деректі фильмдер мен сериалдар, көркем фильмдер мен балаларға арналған бағдарламалар шығаратын продюсерлік компания құрды. Олар тек Netflix-те көрсетіледі. Бұл туралы The New York Times хабарлады.

«Біз ақпараттандыратын және келешекке үміт беретін мазмұн құруға назар аударамыз. Бізге жас ата-аналар ретінде шабыттандыратын отбасылық бағдарламалар құру өте маңызды», - деді олар.

Netflix-пен келісімшарт сомасы туралы айтылған жоқ.

Айта кетсек, соңғы кезде ерлі-зайыптылар Disney және Apple-мен де келіссөздер жүргізген болатын.

Хабар 24 телеарнасы