420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бейжің халықаралық әуе рейстерін қайта қабылдай бастады

  • 135
  • UPD: 15:17, 03.09.2020
Бейжің халықаралық әуе рейстерін қайта қабылдай бастады

Бейжіңде халықаралық әуе рейстері қайта жанданды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы шаһар билігі мәлімдеді. Әуе байланысы алдымен азаматтарынан коронавирус аз анықталған 8 елмен ашылмақ. Олардың қатарында Грекия, Дания, Таиланд, Австрия және Канада бар. Бірақ рейстер мен әуе жолаушыларының бір күндік саны шектеледі. Шеттен келген жолаушылар үшін арнайы аймақ ашылған. Бұл жерде олар вирусты анықтайтын тест тапсырып, кейін қаланың шетінде 14 күн оқшауланады. Ал карантин кезінде кем дегенде тағы 2 рет тест тапсырады. Қала әкімшілігі транзиттік жолаушылар да қатаң бақыланатынын айтып отыр. Еске сала кетейік, наурыздың аяғында Бейжіңге шетелден келген жолаушылар арасында вирусты жұқтырғандар көбейіп, халықаралық рейстерді өзге қалаларға бағыттау туралы шешім қабылданған болатын. 

Чжао Ин, Бейжің халықаралық әуежайының вице-президенті:

– Қазір әуежайдың екінші қабатында 4 мың шаршы метрлік арнайы эпидемиологиялық тексеру аймағы ашылды. Ол жерде 22 бақылау және 26 тест өткізу пункті бар. Бұл шетелдік жолаушыларды тексеру мүмкіндігін арттырады.

Хабар 24 телеарнасы