424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореяда «Майсак» дауылынан 120 мыңнан астам үй жарықсыз қалды

  • 166
  • UPD: 15:16, 03.09.2020
Оңтүстік Кореяда «Майсак» дауылынан 120 мыңнан астам үй жарықсыз қалды

Жапонияны басып өтіп Оңтүстік Кореяға жеткен «Майсак» дауылынан 120 мыңнан астам үй жарықсыз қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сағатына 140 шақырым жылдамдықпен ұйытқыған жел бірқатар ауданда электр желісін қиратып кетті. Дауылмен бірге жауын жауып, кей мекенді су басып жатыр. Бір адам қаза тауып, 22 адам зардап шекті. Ондаған тас жолды су шайып, 300-дей әуе рейсі кейінге шегерілді. Қазір апат аймақтарында құтқару және қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Ал дауыл Солтүстік Кореяға ауып, бұл елдің шығыс жағалауында елді мекендерді су басып жатқаны айтылады.

Хабар 24 телеарнасы