429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Amazon негізін қалаушы Джефф Безостың бұрынғы жұбайы бай әйелдер тізіміне енді

  • 155
Amazon негізін қалаушы Джефф Безостың бұрынғы жұбайы бай әйелдер тізіміне енді

Amazon корпорациясының негізін қалаушы Джефф Безостың бұрынғы жұбайы Маккензи Скотт әлемдегі бай әйелдер қатарына енді.

Оның кірісі 68 млрд АҚШ долларын құрайды. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады.

Ол L'Oreal компаниясының иесі Франсуаза Беттанкур-Майерсті (66,8 млрд доллар) басып озды.

Скотт 2019 жылы шілдеде Безоспен ажырасқан соң Amazon акциясының 4% иеленген еді. Ол кездегі баға 38,3 млрд доллар болды. Алайда компания акцияларының бағасы коронавирус пандемиясы салдарынан тез шарықтап кетті.

Джефф Безостың қазіргі уақыттағы кірісі 207 млрд АҚШ доллары деп есептеледі.

Хабар 24 телеарнасы