420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда коронавирустың екінші шарықтау шегі басталды

  • 205
Түркияда коронавирустың екінші шарықтау шегі басталды

Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа елде коронавирустың бірінші толқынындағы жұқтыру деректерінің екінші рет өсудің басталғанын айтады.

Әсіресе Анкара, Ыстамбұл, Измир және Бурса қалалары бұрынғыша вирусты жұқтыру қаупі жоғары аймақтарға енеді. Қазіргі уақытта Анкара, Орталық және Оңтүстік-Шығыс Анадолы аймақтарында жұқтыру деректері көбейіп келеді. Ыстамбұл, Еге теңізі және Фракияда аса қатты байқалмайды.

Денсаулық сақтау министрі бұл ситуацияға себеп ретінде той тойлау, әртүрлі мерекелерік шараларды атап өту секілді халықтың жауапсыз әрекеттерін айтады.

Атап өтейік, коронавирустық инфекцияның таралуы салдарынан 2020 жылдың 5 тамызынан бастап Түркия қазақстандықтардың кіруіне тыйым салған еді.

Алайда 27 тамыздан бастап Түркия бағытына жүретін әуе рейстері қайта жанданды.

Хабар 24 телеарнасы