428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ балалардың өмір сүруіне ең қолайлы елдерді атады

  • 232
  • UPD: 16:51, 03.09.2020
БҰҰ балалардың өмір сүруіне ең қолайлы елдерді атады

Біріккен ұлттар ұйымының балалар қоры (ЮНИСЕФ) балалардың өмір сүруіне қолайлы елдер тізімінде бірінші орынға Нидерланд елін қойды.

Ал екінші және үшінші орындарда Дания мен Норвегия тұр.

Сарапшылар әлемнің 41 еліндегі балалар арасындағы психикалық және физикалық денсаулық, академиялық дайындық және әлеуметтік дағдылардың көрсеткіштерін салыстырды. Зерттеу деректерін талдай отырып, мамандар Нидерландта балалар өздерін өте жақсы сезінеді деген қорытындыға келді.

Рейтингте Швейцария мен Финляндия төртінші және бесінші орындарда тұр.

Сондай-ақ нидерландтық балалар өз өмірлеріне барынша қанағаттанатын болып шықты. Бұл көрсеткіш бойынша да бірінші орынға жайғасқан.

Хабар 24 телеарнасы