426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексикада атыстан сегіз адам қаза тапты

  • 147
  • UPD: 18:02, 03.09.2020
Мексикада атыстан сегіз адам қаза тапты

Мексикада жерлеу рәсімі кезінде атыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан 8 адам көз жұмып, тағы 14-і жарақат алған. Бұл оқиға Куэрнавака қаласында болған. Әлдекімдер көлікпен келіп, марқұмның табыты жанында тұрған адамдардға бей-берекет оқ атқан. Олардың не үшін атыс ашқаны әзірге белгісіз. Қазір оларды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.

Айта кеткен жөн, Мексика – қылмыс деңгейі өршіп тұрған елдердің бірі. Былтыр мұнда 34500-ге жуық «адам өлтіру» дерегі тіркелген. Бұл – статистика жүргізіліп жатқан 1997 жылдан бергі антирекорд. Биылғы көрсеткіштер де көңіл көншітпейді. 2020 жылдың алғашқы 7 айында кісі өлтіру деректері былтырмен салыстырғанда 1,5%-ке артқан.

Хабар 24 телеарнасы