Италияның бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлускони коронавирус жұқтырды.
Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлайды. 83 жастағы саясаткер Сардиния аралына барып келгеннен кейін вирусқа тест тапсырған. Сөйтіп, ол оң нәтиже көрсеткен. «Алға, Италия» партиясы жетекшісінің ауруы еш белгілерсіз өтіп жатқан көрінеді. Қазір ол өз вилласында оқшауланып, үйінен жұмыс істеп жатыр.