420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде вакцинаның екінші түрі сынақтың алғашқы кезеңінен өтті

  • 136
  • UPD: 18:19, 03.09.2020
Ресейде вакцинаның екінші түрі сынақтың алғашқы кезеңінен өтті

Ресейде коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші түрі клиникалық сынақтың алғашқы кезеңінен сәтті өтті.

Бұл туралы Роспотребнадзор хабарлады. Тестілеуге қатысқан еріктілердің бәрі стационардан шықты. «Ешқайсысында денсаулығына қатысты шағым жоқ», дейді аталған ведомство өкілдері.

Айта кетейік, жаңа дәрі Новосібірдегі «Вектор» институтында жасалып жатыр. Мамандар оны қазанға дейін ресми тіркеуден өткізбек ниетте. Ол үшін вакцина клиникалық сынақтардың үш кезеңінен де сәтті өтуі тиіс.

Еске сала кетейік, бұған дейін Гамалея атындағы институт Sputnik V вакцинасын дайындаған еді. Оның тіркеуден өткені жайлы Ресейдің денсаулық сақтау министрі тамызда хабарлады.

Хабар 24 телеарнасы