420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Непалда діни фестивальге жиналған жұрт полициямен қақтығысты

  • 146
  • UPD: 07:52, 04.09.2020
Непалда діни фестивальге жиналған жұрт полициямен қақтығысты

Непалда тұрғындар мен полицейлер арасында қақтығыс болды. Салдарынан бірнеше адам жараланды.

Бастапқыда жергілікті жұрт жыл сайын өтетін діни фестивальге қатыспақ болған. Алайда елдегі шектеу шараларына байланысты тәртіп сақшылары жұрттың жолын бөгеп, тосқауыл қоймақ болады. Бірақ полицейлердің мұндай әрекетіне ыза болған халық артынша оларға тас лақтырып, шабуыл жасайды. Нәтижесінде полиция оларға қарсы көз жасаурататын газ қолданды.

Айта кетейік, Непалда коронавирусқа байланысты бұқаралық іс-шара өткізуге тыйым салынған. Қажеттілік болмаса, үйден шығуға да рұқсат жоқ.

Хабар 24 телеарнасы