424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ: Ford компаниясы қызметкерлерін қысқартады

  • 161
  • UPD: 09:43, 04.09.2020
АҚШ: Ford компаниясы қызметкерлерін қысқартады

Американың белді автоөндірушісі 1400 қызметкерін қысқартпақ. Өнімділікті арттырып, бәсекеге қабілеттілікті нығайту үшін Ford Motor қайта құрылып жатыр.

Қазір мұнда жиыны 30000 жұмысшы бар. Енді зейнет жасына жақындаған қызметкерлерге үстемақы төлеп, өз еркімен жұмыстан кетіру көзделген. Келіспегендер  мәжбүрлі түрде қысқартылады. Былтыр ұйым Еуропа, Оңтүстік Америка сынды бірқатар елдегі 7 мың жұмысшысын қысқартқан. Айта кетейін, жыл басынан бері компанияның акциялары 26% түсіп кеткен. Коронавирус салқынын бұл ұйым да көрді. Екінші тоқсанда өндірісті азайту салдарынан шығын 2 млрд долларға жуықтады.

Хабар 24 телеарнасы