426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испанияда коронавирустан өлім-жітім азайды

  • 156
  • UPD: 10:17, 04.09.2020
Испанияда коронавирустан өлім-жітім азайды

Испанияда соңғы уақытта коронавирус дертінен қайтыс болғандардың саны азая бастаған.

Бұл туралы осы елдің Денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларды бақылау қызметінің басшысы Фернандо Симон мәлімдеді.

Шенеуніктің айтуынша, бұл көрсеткіш дерт алғаш тарала бастаған айларға қарағанда біршама төмендеген. Дегенмен, Симон елде індеттің таралуы қайта күшейіп жатқанын айтады. Мысалы, соңғы бір тәулікте вирусты тағы 9 мың адам жұқтырып алып, науқастардың жалпы саны 490 мыңға жуықтаған. Билік індеттің қайта күшеюіне тосқауыл қою үшін халық арасында тест өткізуді көбейткен.

Хабар 24 телеарнасы