426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бейруттегі үйіндінің астында тірі жан иесі болуы мүмкін

  • 168
  • UPD: 12:18, 04.09.2020
Бейруттегі үйіндінің астында тірі жан иесі болуы мүмкін

Бейрутта жойқын жарылысқа 1 айдан астам уақыт өткеніне қарамастан үйінділер астанан тірі адам табылып қалуы мүмкін. Чили құтқарушыларының үйретілген иті қираған ғимарат астынан бір тірі жанның жатқанын сезіп, белгі берген.

Осыдан кейін мамандар арнайы аппаратпен үйінді астында жүрек соғысына ұқсас дыбыс барын анықтаған. Қазір ит көрсеткен жерде іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Жаңалықты ести сала қаланың көптеген тұрғыны осы ауданға жиналған. 

Мишель Әл-Мур, Ливан азаматтық қорғаныс қызметінің өкілі:

- Қазір үйінділерді аршу жұмыстарын тоқтатуға тура келіп тұр. Себебі бір-біріне тіреліп тұрған қабырғалар құлап кетуі мүкін. Сондықтан оларды аршитын арнайы көтергіш құралдарды күтіп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы