426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украина биыл аз астық жинайды

  • 127
  • UPD: 14:48, 04.09.2020

Биыл Украина астық өнімін өткен жылмен салыстырғанда 7 миллион тоннаға аз жинамақ. Бұл туралы мемлекеттің үкімет басшысы мәлімдейді. Ал жақын уақытта жаңбыр жаумаса, аптап ыстықтан жүгері, соя және күнбағыстың үштен бірі күйіп кетуі мүмкін. Украинаның фермерлер қауымдастығы осылай дейді.

Өткен жылы Украина 75 млн тонна өнім жинап, астық экспорты бойынша әлемде екінші орынды иемденген. Ал биыл Украина қысы 4-5 градус жылы, ал жазы 40 градус ыстыққа дейін жетіп, ауылшаруашылық саласына көп салқынын тигізді. Сондықтан биыл өткен жылға қарағанда 7 млн тонна астық кем жиналады деп болжайды ел үкіметі. Өз кезегінде Украинаның фермерлер қауымдастығы биыл жиналатын астықтың саны айтарлықтай аз болғанымен өнім тапшылығы болмайды дегенді айтады. 

Николай Стрижок, Украина фермерлер қауымдастығының төрағасы:

-  Украина тұрғындарының саны 40-42 млн деп есептейтін болсақ, оларға 4-4,5 миллион тонна астық жеткілікті. Біздің есебіміз бойынша биыл 51-53 тонна өнім жиналмақ. Сондықтан биыл сыртқа тасымалданатын астық саны айтарлықтай қысқармақ. 

Сәйкесінше өнім экспортын да Украина айтарлықтай қысқартып отыр. Мысалы, шілде айында сыртқа 2 млн тоннаға жуық астық жөнелтілген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 млн тоннаға аз. Дей тұрғанмен, астық экспорты бойынша Украина әлемде көшбасшы елдердің қатарында. Әлемді әбігерге салған пандемия салдарынан көптеген ел астық тасымалына  тыйым салған еді, сондықтан Украина фермерлері қысылтаяң шақта мемлекеттің қолдауын күтеді. 

Денис Шмыгаль, Украинаның премьер-министрі:

- Жақын болашақта біз егін суару саласына ерекше мән беретін боламыз. Әсіресе Украинаның оңтүстік аймағындағы қолайсыз ауа райы өнімге және оның сапасына аз әсер еткен жоқ. Құрғақ ауа райы кезінде ауылшаруашылық дақылдарын дер кезінде суару және сапалы алқаптардың санын арттыруды қолға алуымыз қажет

Экологиялық өзгерістерді ескереп отырып, Украина үкіметі суаруға қатысты жүйенің жаңа нормативтік-құқықтық базасын жаңартуда.

«Мемлекет жақын болашақты жоспарлап жатқанда біз бүгінгі байлағымыздан қағылуымыз мүмкін» деп дабыл қағады ел аграномдары. Бұған тағы да аптап ыстық мол кесірін тигізіп тұр. Жақын уақытта жаңбыр жаумаса, 35-40 градусқа дейінгі ыстықтан жүгері, соя және күнбағыстың үштен бірі күйіп кетуі әбден мүмкін.

Авторлар: Аида Кыдырбай, Петр Борейко

Хабар 24 телеарнасы