426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таймс Сквердегі шеру кезінде жүргізуші адамдарды қағып кетті

  • 139
  • UPD: 20:22, 05.09.2020

Нью-йорк қаласында нәсілшілдікке қарсы шеру кезінде бір жүргізуші көлігін адамдарға бағыттап, 3 кісі жарақат алды. Оқиға Таймс Сквер маңында болды. Ақпарға қарағанда жүргізуші жолды бөгеген велосипедшілерді қаққан. Қазір оқиғаға байланысты тергеу жүріп жатыр.

Талғат Алманов, тілші:

- Осыдан бірнеше сағат бұрын, дәл осы жерде Таймскуэрде, 46 мен Бродвей көшелерінің қиылысында оқиға тіркелді. NYPD Нью-Йорк полиция департаментінің автокөліктері бұл ауданды қоршауға алды. Дәл қазір жүргізүшінің мас болған болмағандығы немесе не себепті бұл іс-әрекетке барғандығы жайлы нақты ресми ақпарат жоқ. Дегенмен, полиция департаментінің айтуынша, бұл қақтығыс Black Lives Matter, яғни қара нәсілді азаматтардың құқығын қорғайтын шеруге қатысушылармен  Трамп қолдаушыларынң арасында болуы әбден мүмкін. Оқиғаны куәгерлердің бірі түсіріп үлгірген екен. 

Талғат Алманов, тілші:

- Айта кету керек, Тайм Сквер Нью-Йорктегі ең жіті қорғалатын орындардың бірі, соған қарамастан бұл жерде бұрын да автокөліктердің қатысуымен тіркелген оқиғалар да болды. Солардың бірі  мамырдың отызы күні Нью-Йорк полиция департаментінің көлігі дәл осы жерде  шеруге қатысушы бірнеше азаматтарды қағып өткен еді. Соңдықтан да ұйымдастырушылардың айтуынша, шерудің басы-қасында жүрген азаматтардың айцтуынша қауіпсіздікті сақтау  ең маңызды дүние.  Мұндай шерулер алдағы уақытта да жалғасатын болады. Әсіресе Джордж Флойдпен одан кейінгі Джекоб Блейктің өлімінен кейін мұндай шерулер алдағы уақытқа жоспарланып жатыр. Солардың бірі ертен Юнион скуэрде өтеді. 

Авторлары: Талғат Алманов, Ренат Садыров

Хабар 24 телеарнасы