420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шри Ланкада супертанкер өртенді

  • 132
  • UPD: 15:16, 04.09.2020
Шри Ланкада супертанкер өртенді

Шри-Ланканың шығыс жағалауына жақын Үнді мұхитында мұнай танкері өртеніп, 1 экипаж мүшесі зардап шекті.

Тағы бір теңізші із-түзсіз жоғалып кетті.  Кемедегі қалған 16 филиппин азаматы мен 4 грек теңізші аман-есен эвакуацияланған. Құтқару операциясына Үндістан мен Ресей әскери-теңіз күштері қатысқан. Ақпарға қарағанда 2 миллион тонна мұнай тиеген танкер Кувейттен Үндістанның Парадип портына кетіп бара жатқан.

Әзірге өрт себебі белгісіз. Танкерден суға мұнай төгілгені жайлы да ақпарат жоқ.

Хабар 24 телеарнасы