Үндістанның оңтүстігіндегі Тамилнад штатында пиротехникалық зауытта болған жарылыстан отшашу фабрикасында жұмыс істейтін жеті әйел қаза тапты.
Тағы екі адамды күйік шалған. Бұл туралы Times of India хабарлады.
Оқиға Куддалор округінде болған. Қаза тапқандардың арасында фабриканың иесі де бар.
Полиция жарылыстың себебін анықтау бойынша тергеу бастады.