420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грекия мен Түркия Жерорта теңізі бойынша келіссөз жүргізуге дайын

  • 133
  • UPD: 15:40, 04.09.2020
Грекия мен Түркия Жерорта теңізі бойынша келіссөз жүргізуге дайын

Түркия мен Грекия Жерорта теңізіндегі кикілжіңді шешу үшін НАТО шеңберінде келіссөз бастауға келісті.

Бұл туралы Солтүстік Атлантикалық келісім-шарт ұйымының басшысы Йенс Столтенберг мәлімдеді.

Еске сала кетейік, соңғы уақытта Түркия мен Грекия арасында қарым-қатынас шиеленісіп кетті. Оған Кипрдің оңтүстігінде жаңадан табылған газ кені себеп. Биыл қаңтар айында Грекия, Израиль және Кипр газ құбырын салу туралы келісімге қол қояды. Түркия болса Ливиядағы Саррадж үкіметімен теңіз шекарасын белгілеу туралы шартты бекітті. Тамыз айында Афина Ионикалық теңіздегі аумақтық суын кеңейтетінін жариялады, ал Анкара Грекия мұндай қадамға барса, әскери күш қолданатынын мәлімдеді.

Хабар 24 телеарнасы