420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Уханьда туризм қайта жанданды

  • 145
Уханьда туризм қайта жанданды

Коронавирустың ошағы болған Қытайдың Ухань қаласында ішкі туризм қайта жанданып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тамыздың басынан бері мұндағы көрнекі орындарға кіру тегін. Жергілікті билік осылайша індеттен қатты зардап шеккен сектордың бірі – туризмді жандандыруды көздеп отыр. Енді мұнда өзге шаһарлардан келген саяхатшылар саны артып барады.

Айта кеткен жөн, Ухань қаңтардың аяғынан бастап 2 айдан астам уақыт бойы карантинге жабық болды. Салдарынан мұнда 3 мың 900-ге жуық адам көз жұмды. Бұл – бүкіл Қытай бойынша індеттен қайтыс болғандардың 80 проценті. Алайда 18 мамырдан бері шаһар ішінде коронавирусты жұқтырудың бірде бір дерегі тіркелмеген.    

БЛИЦ:

– Мен интернеттен Хубэй провинциясында туристер арасындағы танымал орындарға кіру тегін дегенді көрдім. Сөйтіп міндетті түрде коронавирусты жеңіп шыққан Уханьға қайта барамын деп шештім.

– Мен мұнда былтыр келген едім. Алайда екі күн ғана болдым. Енді Уханьға қайта келіп, қыдырып жүрміз. Меніңше, бұл қауіпсіз қала.

Хабар 24 телеарнасы