426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Amnesty International: Коронавирустан 7000 медициналық қызметкер көз жұмды

  • 167
  • UPD: 09:44, 05.09.2020
Amnesty International: Коронавирустан 7000 медициналық қызметкер көз жұмды

Бүкіл әлем бойынша коронавирусты 98 мыңға жуық медициналық қызметкер жұқтырып, кемі 7 мыңы көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тиісті деректерді Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы келтіріп отыр. Мексика мен АҚШ-та ақ халаттылар арасында кісі өлімінің көрсеткіші мыңнан жоғары. Сондай-ақ Ұлыбритания, Бразилия, Ресей, Үндістан, Оңтүстік Африка мен Иранда да коронавирустан көз жұмған медициналық қызметкер көп. Осы ретте халықаралық ұйым өкілдері әлем елдерінің билігін дәрігерлерді қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету мәселесіне жіті назар аударуға шақырып отыр.

Хабар 24 телеарнасы