420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда үш күн бұрын ашылған мектептер қайта жабылып жатыр

  • 145
  • UPD: 10:16, 05.09.2020
Францияда үш күн бұрын ашылған мектептер қайта жабылып жатыр

Францияда 3 күн бұрын ғана ашылған ондаған мектеп қайта жабылып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елде 12 білім беру мекемесінде індетті жұқтыру дерегі тіркелген. Сонымен қоса, Францияға иелігіндегі Реюньон аралындағы тағы 10 мектепте де ұқсас жағдай. Бірінде мұғалім ауырса, басқасында індетті балалар жұқтырған.

Айта кеткен жөн, 1 қыркүйекте 12 миллионнан аса француз оқушысы үшін сабақ қайта басталды. Алайда, бұған кейбір ата-ана мен кәсіподақтар қарсы болған. Елде соңғы екі күн бойы вирусты жұқтырудың жаңа деректері 7 мыңнан азаймай тұр. Бұл ең үлкен тәуліктік көрсеткіштер. Сондықтан мамандар «алдағы күндері мектептерде де індетті жұқтыру оқиғалары көбеюі мүмкін» деп болжап отыр.

Хабар 24 телеарнасы