424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әзербайжанда мектепке тек бастауыш сынып оқушылары барады

  • 165
  • UPD: 10:52, 05.09.2020
Әзербайжанда мектепке тек бастауыш сынып оқушылары барады

Әзербайжанда шамамен 6 айлық үзілістен кейін мектептер қайта ашылуға дайындалып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Балалар 15 қыркүйекте партаға қайта отырады. Алайда, әзірге мектепке тек бастауыш сынып оқушылары ғана бара алады. Бұл – шамамен 640 мың балақай. Сабақ аптасына тек 2-3 күн ғана өтеді. Оқу ошағына кіреберісте бәрінің дене қызуы өлшенеді. Алайда, бастауыш сынып оқушылары маска тақпай жүре алады. Ал жоғары сынып оқышылары әзірге қашықтан оқиды. Эпидемиологиялық ахуалға қарай олар қазанның басында мектепке қайта оралуы тиіс. Студенттер де 15 қазанға дейін онлайн оқиды. Жалпы соңғы 2 апта бойы Әзербайжанда коронавирусты жұқтыру деректері азайып келеді. Осы ретте кейбір салада шектеу шаралары жеңілдетіліп жатыр.

Камран Асадов, Білім беру қызметін зерттеу жөніндегі орталық директоры:

Сыныпта 20 оқушы болса, олар екі топқа бөлінеді. Сөйтіп, балалар мектепке кезек-кезекпен келеді. Олар үшін әр түрлі кесте құрылған. Сонда оқушылар бір-бірін жолықтырмауы тиіс. Әрине, онлайн сабақтың дәстүрлі оқуды алмастыра алмасы анық. Оның үстіне техникалық мүмкіндіктер бірінде болса, бірінде жоқ. Сол себепті біз сабақтарды кезең-кезеңімен қайта бастайын деп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы