420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Эпидемиологтар адамзат пандемия дәуіріне өтіп жатқанын ескертті

  • 166
  • UPD: 12:51, 05.09.2020
Эпидемиологтар адамзат пандемия дәуіріне өтіп жатқанын ескертті фото: © Reuters

Адамзат пандемия дәуіріне өтті, дүниежүзін жаулап алған коронавирус алдағы індеттердің тек алғашқысы болуы мүмкін.

Бұл туралы америкалық ғалымдар – АҚШ-тың бас инфекционисі Энтони Фаучи мен эпидемиолог Дэвид Моренс мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz BuzzFeed сайтына сілтеме жасап.

Cell журналындағы мақалада сарапшылар алдағы жылдары пандемияның қарқыны үдеуі мүмкін екенін болжаған. Ал аурудың тарауының негізгі себебі – ормандарды кесу, қалалардың көптігі мен жабайы жануарларды сату болуы мүмкін.

«Мен көріпкел емеспін, бірақ біз бақылап отырған жағдай пандемияның үдеп жатқанын аңғартады», - дейді Моренс.

Моренс пен Фаучидің сөзінше, адамдар эпидемияны төтенше жағдай енгізу арқылы емес, өмір сүру стилін өзгерту арқылы жеңе алады.

Джонс Хопкинс атындағы университет мәліметінше, 5 қыркүйекте дүниежүзінде COVID-19 жұқтырғандардың саны 26 521 304-ке жеткен, қайтыс болғандардың саны – 873 249.

Хабар 24 телеарнасы