426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Колумбиялықтар жаппай велосипедке көшіп жатыр

  • 176
  • UPD: 15:35, 05.09.2020
Колумбиялықтар жаппай велосипедке көшіп жатыр

Коронавирус жұқтырудан қауіптенген колумбиялықтар қоғамдық көлікті қойып, жаппай велосипедке көшті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, боготалықтар. Себебі 8 миллион тұрғыны бар қалада вирус жылдам тарай бастаған. Мұнда қауіпті инфекцияға шалдыққандардың қатары 210 мыңнан асады. Ресми дерекке сүйенсек, соңғы бір айда елде қос дөңгелекті көлікті сатып алу 150%-ке артқан. Сұраныстың көптігі сонша, импорттаушы компаниялар велосипедті көрші елдерден таси бастапты. Бұл үрдісті билік өкілдері де құптап отыр. Індет басталғалы бері елде 85 шақырым велосипед жолы салынған.

Хабар 24 телеарнасы