420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бангладеш мешітіндегі жарылыс: 11 адам қаза тапты

  • 129
  • UPD: 15:38, 05.09.2020
Бангладеш мешітіндегі жарылыс: 11 адам қаза тапты фото: Bdnews 24

Жұма күні кешке Бангладештегі мешітте алты кондиционердің жарылуы салдарынан кем дегенде 11 адам қаза тауып, 50 адам жарақат алды. Бұл туралы ҚазАқпарат Bdnews 24 агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оның мәліметінше, оқиға кезінде мешітте бірнеше адам намаз оқып жатқан.

Жарылыс салдарынан мешіттің терезелері қирап, төбеде орнатылған ауа желдеткіштерінің жанып кеткені хабарланып отыр.

Алдын ала нұсқа бойынша, жарылысқа құбырдан шыққан газдың мөлшерден тыс жиналуы себеп болған.

Хабар 24 телеарнасы