424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытай ғарышқа құпия аппарат ұшырды

  • 248
  • UPD: 17:53, 05.09.2020
Қытай ғарышқа құпия аппарат ұшырды

Қытай билігі ғарышқа эксперимент түрінде аппарат ұшырғанын жария етті.

Ұшыру құпия жағдайда өткен, деп хабарлайды «Синьхуа» агенттігі. Аппаратты Long March-2F зымыраны Цзюцюа́нь айлағынан алып ұшқан.

Аппарат туралы белгілі жалғыз нәрсе – бұл оны көп рет пайдалануға болатыны. Орбитада белгілі бір уақыт өткізген соң аппарат Қытайға ұшып келеді. 

Ал сарапшылардың болжауынша, бұл осыған дейін Қытай ұшыруға уәде еткен космоплан болуы мүмкін.

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы