420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде бір тәулікте бес мыңнан астам адамнан КВИ анықталды

  • 148
  • UPD: 19:10, 05.09.2020
Ресейде бір тәулікте бес мыңнан астам адамнан КВИ анықталды

Ресейде бір тәулікте коронавирус жұқтырған 5205 адам анықталды.

Жаңа деректер елдің 84 аймағында тіркелген. Коронавирус ең көп жұққан қала Мәскеу болды - 671 адам, ал Санкт-Петербургте 195 адам.

Сонымен қатар коронавирустан 110 адам қайтыс болған, 5379 адам аурудан жазылған.

Жалпы Ресейде коронавирус пандемиясы басталғалы 1 020 310 адамнан COVID-19 адам анықталған.

Хабар 24 телеарнасы