424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда вирус жұққан адам саны төрт миллионнан асты

  • 165
  • UPD: 21:37, 05.09.2020
Үндістанда вирус жұққан адам саны төрт миллионнан асты

Үндістанда коронавирус жұқтырғандардың саны артып барады. Жергілікті денсаулық сақтау министрлігі таратқан мәліметке сай, елде өткен тәулікте  86 мыңнан астам адамнан қауіпті вирус табылған.

Жалпы осындай көрсеткіш үнді жерінде осымен үшінші күн қатарынан тіркеліп отыр. Қазір елде инфекциялық сырқатқа шалдыққандардың жалпы саны 4 миллионнан асады. Мамандардың айтуынша, жағдайға санитарлық нормалар мен арақашықтықтың сақталмауы себеп.

 

Хабар 24 телеарнасы