420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Балалардың денсаулығына алаңдаған испаниялықтар билікке қарсы шеруге шықты

  • 116
  • UPD: 08:44, 06.09.2020
Балалардың денсаулығына алаңдаған испаниялықтар билікке қарсы шеруге шықты

Балалардың денсаулығына алаңдаған Малага тұрғындары көшеге шығып, билікке базынасын білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айтуларынша, оқушылар мектепке оралу үшін сақтық шаралары әлі де күшейтілуі керек. Осы мәселені малагалықтардан бөлек, Испанияның тағы 8 қаласы қостап, наразылық акцияларын ұйымдастырды.

Айта кетейік, билік өкілдері елдегі эпидемиологиялық ахуалдың қиын жағдайда екеніне қарамастан, жуырда дәстүрлі сабақ оқыту форматына қайта көшуді көздеп отыр. Ресми мәліметке сай, Испанияда коронавирус жұқтыру деректері артып жатыр. Соңғы тәуліктің өзінде корольдік аумағында 10 мыңнан астам адамнан вирус табылған.

Хабар 24 телеарнасы