426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нью-Йоркте нәсілшілдікке қарсы тағы бір шеру өтті

  • 137
  • UPD: 20:50, 06.09.2020

Бүгін Нью-Йоркте нәсілшілдікке қарсы тағы бір шеру өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай наразылық шаралар АҚШ-тың бірнеше штатында болып жатыр. Ричмонд сияқты штаттардағы жұрт тіптен бой бермей барады. Сарапшылар мұндай толқулар алдағы Президент сайлауына да әсер теуі мүмкін екенін айтады.

Талғат Алманов, тілші:

- Дәл қазір біз Нью-Йорк қаласындағы орталық парктердің бірі – Union Square-дің жанындамыз. Өздеріңіз көріп тұрғандай, жүздеген Нью-Йорк халқы көшенің бойымен Time Square жаққа қарай бет алып жатыр. Айта кету керек, BLM шерулерінің екінші жақында ғана орын алған 29 жастағы афроамерикалық артынан оқ атқан полицияның қатыгездігіне байланысты болып жатыр. Осыдан бірнеше минут бұрын біз ұйымдастырушылардың бірінен сұхбат алған едік. Сол сұхбатқа дәл қазір назар аударайық.

Джим Фоурет, ұйымдастырушы:

- Бүгін біз АҚШ-тағы Еңбек күнін атап өтудеміз. Осыған орай көшеге шығып, әділеттілікті талап етудеміз. Біз нәсілшілдікке қарсымыз. Мұндайлардың әлі күнге дейін АҚШ-та бар екендігін мойындауымыз қажет. Біз зорлық-зомбылықты қаламаймыз. Біз бейбіт және әділетті мемлекетте өмір сүргіміз келеді. Және біздің үнімізді барлығы естісе дейміз.

Талғат Алманов, тілші:

- Айта кету керек, мұндай шерулер – BLM шерулері жұмыссыздықтың жоғарғы деңгейі мен экономикалық дағдарыстың болып жатқан кезінде орын алып жатыр. «Енді сарапшылардың көкейіндегі басты сұрақ – Ақ үйдің келесі қожайыны, АҚШ-тың келесі президенті кім болатындығы. Және де бір анығы, жеңіске жеткен кандидаттың жұмысы оңайлықпен басталмайтындығы», дейді сарапшылар.

Авторлары: Талғат Алманов, Ринат Садыров

Хабар 24 телеарнасы