426,25 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда карантиннен кейінгі алғашқы халықаралық көрме өтті

  • 183
  • UPD: 23:09, 06.09.2020
Германияда карантиннен кейінгі алғашқы халықаралық көрме өтті

Мұнда әлемдегі техника шығарумен айналысатын алпауыт компаниялар жиналып, өздерінің жаңа өнімдерін таныстырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тек көрмеде көрермен болған жоқ. Бәрі де онлайн. Сөйтіп, жыл сайын 250 мың адам қатысатын шараға биыл тек сала мамандары ғана қатысты. Дегенмен, онлайн жәрмеңкені 80 мыңдай адам тамашалаған. Жалпы ұйымдастырушылар вирустан қорғанып, сақтық шараларын мейлінше күшейткен.

Тон, компания менеджері:

Індет кезінде үй кинотеатры мен гаджеттерге деген сұраныс артты. Біздің өніміміз де солардың қатарында болды. Ал мен қызмет ететін компанияға келер болсақ, бұл көрмеде біз үш жаңа өнімнің тұсауын кестік. Бәрі ойдағыдай өтті. Бірақ індетке байланысты өзгерістер де жоқ емес. Күні бойы маскамен жүресің. Алайда, сізбен әңгімелесіп тұрғандықтан, оны шешіп тұрмын. Өйткені арамызда арақашықтық сақталған. Жалпы көрменің өткеніне қуаныштымын.

Чонна, журналист:

Бұл көрмеге жыл сайын қатысатынмын. Бірақ бұл жолы көрерменнің жоқтығы мені қатты таңқалдырды. Әдетте мұнда адам қарасы көп болушы еді. Биылғы өзгерістердің тағы бірі – міндетті түрде маскамен жүру керек. Алайда жаңа технологиялармен танысуға ол ешқандай кедергі келтірмейді.

Хабар 24 телеарнасы