429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлыбританияда белгісіз біреу адамдарға пышақпен шабуылдады

  • 284
  • UPD: 23:15, 06.09.2020
Ұлыбританияда белгісіз біреу адамдарға пышақпен шабуылдады

Бирмингем қаласында әлдекім көшедегі жұртқа пышақ ала ұмтылып, бір адамды мерт қылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 7 кісі жарақат алды. Әзірге жараланғандардың қал-жағдайы туралы ақпар жоқ. Белгілісі, Бирмингем орталығы түгел жабылған. Тергеу жүріп жатыр. Тәртіп сақшылары тұрғындарды сабырға шақырып, шабуыл болған жерден аулақ жүруге шақыруда.

Хабар 24 телеарнасы