426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияда тайфун салдарынан тұрғындар эвакуацияланып жатыр

  • 205
  • UPD: 23:30, 06.09.2020
Жапонияда тайфун салдарынан тұрғындар эвакуацияланып жатыр

Жапонияның оңтүстік жағалауына «Хайшэн» тайфуны соқты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір аймақ тұрғындары жаппай қауіпсіз жерге көшіріле бастады. Эвакуация жайлы ескерту Окинава, Кюсю аралдары мен тағы бірнеше префектурада жарияланды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты қазір аймақта теміржол мен көлік қатынасы тоқтаған. Әуежайлар да жабық.

Айта кетейік, соңғы бір аптада Жапонияда жойқын тайфун осымен екінші рет қайталанып отыр. Синоптиктердің болжауынша, алдағы күндері өңірде жауын селдетіп, жел күшейеді. Су тасуы да мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы