Иранда шахта опырылып түсіп, салдарынан төрт адам қаза тапты. Тағы бір адам жараланып, ауруханаға түсті. Бұл туралы Fars агенттігі хабарлады.
Оқыс оқиға Керман провинциясында орналасқан Ходжедк қаласының аумағында болған. Сондай-ақ зардап шеккен бір адам ауруханаға жатқызылған.
Апаттың себеп-салдарын анықтау жұмыстары жүріп жатыр.