428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австрияда адам мұзға толы әйнектің ішіне 2,5 сағат бойы отырып шықты

  • 145
  • UPD: 11:39, 07.09.2020

Австрияда мұзға толы шыны текшеде отырудан рекорд тіркелді.

Оны Йозеф Коберл есімді азамат орнатты. Австриялық азамат мұзда 2 жарым сағат бойы тапжылмастан отырған.

Айта кетейік, бұл оның осы сындағы екінші рекорды. 2019 жылы Коберл 2 сағат 8 минут 47 секунд бойы суыққа шыдас берген. Айтуынша, осыншама уақыт бойы мұзда отыру үшін үнемі жақсы көңілде болу керек екен.

Хабар 24 телеарнасы