429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гонконг тұрғындары қайтадан шеруге шықты

  • 195
  • UPD: 10:17, 07.09.2020
Гонконг тұрғындары қайтадан шеруге шықты

Гонконг тұрғындары қайтадан шеруге шықты. Бұл жолы жергілікті жұрт заң шығарушы орган құрамын сайлаудың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді.

Сонымен қатар шерушілер Қытай тарапынан енгізілген ұлттық қауіпсіздік туралы жаңа заңға да қарсылық танытты.

Полицейлердің заңсыз митинг туралы ескертуіне қарамастан азаматтар қолдарына плакат ұстап, үкіметке қарсы ұрандар айтқан. Осыдан кейін ішкі істер органдары мен демонстранттар арасында қақтығыс басталды. Шерушілер тәртіп сақшыларына бөтелке мен тас лақтырды. Ал полицейлер наразы топты тарату үшін бұрышталған оқ атты. Нәтижесінде 90-ға жуық адам ұсталды.

Полицияның айтуынша, бәрі қоғамдық тәртіпті бұзғандары үшін қамауға алынған.

Хабар 24 телеарнасы