420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемде экономикалық дағдарыс күтілуде

  • 93
  • UPD: 09:55, 07.09.2020
Әлемде экономикалық дағдарыс күтілуде AP Photo / Mark Schiefelbein

Сарапшылар әлемдік экономикадағы жаңа мәселелерді анықтады.

Бұл туралы Bloomberg баспасы хабарлайды.

Мамандар соңғы кездері дүние жүзілік экономикада қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Алайда қауіптер де жоқ емес. Pacific Investment Management кеңесшісі Иоахим Фелстің айтуынша, қазір елдердің экономикасы біршама жоғарылауда, бірақ одан кейін тағы да төмен түседі.

Дамыған елдердің үкіметтері қолдау шараларына бірнеше трлн доллар бөліп, экономиканы қалпына келтіруге атсалысуда. Осының арқасында АҚШ-та тамыз айында жұмыссыздық саны азайып, нарықтағы баспана мәселесі шешімін тапты. Қытай экономикасы қалпына келуде, ал Германияда өндіріс өсіп келеді.

Экономистердің пікірі бойынша позицияны сақтап қалу оңай болмайтынын ескертеді. Сондықтан билік басындағылар қолдау шараларын қазірден бастап қолға алуы тиіс.

Тағы бір мәселе – коронавирустың екінші толқыны. Брукинг институтының маманы Уоррик Маккиббин әлемде вакцинацияны бастау үшін аз уақыт кетпейтінін айтады.

Ол әлемдік экономикадағы пандемияның кесірінен болған шығындарды 35 трлн долларға жуықтап отыр.

 

 

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы