426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германия Навальныйдың күзетін күшейтті

  • 106
  • UPD: 13:17, 07.09.2020

Неміс билігі ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйдың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді барынша күшейтті.

Германия сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, саясаткер төңірегіндегі жағдай қазір әлем назарында. Навальный әлі күнге Берлин клиникасында ес-түссіз жатыр.

Дәрігерлердің хабарлауынша, оның ем-домы ұзаққа созылады.

Айта кетейік, Навальный 20 тамыз күні Томскіден Мәскеуге ұшып бара жатқанда өзін жайсыз сезінген. Ұшақ шұғыл Омскіге қонып, саясаткер ауруханаға түсті. Араға екі күн салып, Навальный Германияға жеткізілді. 2 қыркүйекте канцлер Ангела Меркель сенімді түрде  оппозиционерге қастандық жасалғанын, оған  «Новичок» деп аталатын у берілгенін мәлімдеді.

Хабар 24 телеарнасы