426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Volkswagen концерны «Тесланы» басып озбақшы

  • 138
  • UPD: 10:32, 07.09.2020
Volkswagen концерны «Тесланы» басып озбақшы

Volkswagen концерны алдағы үш жылда электромобиль шығарудан америкалық Тесланы басып озбақшы.

Бұл туралы өндірістік кеңес төрағасы Бернд Остерлох мәлімдеді. Жоспардағы үш зауыт салынатын болса, «Тесла» өндірісті жылына 1,5 млн-ға арттырмақ. Ал Volkswagen жоспарындағы бұл көрсеткіш 2023 жылға межеленген. Маман нәтижеге ерте жетуіміз де мүмкін деді. Себебі оларда модульді электр өткізгіш матрица бар. Осылайша Volkswagen бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша да Тесланы шаң қаптыруды көздеп отыр.

Хабар 24 телеарнасы