431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Alibaba қайырымдылықтан түскен ақшаның мұқтаждарға тікелей жетуін қадағалайды

  • 130
  • UPD: 10:32, 07.09.2020
Alibaba қайырымдылықтан түскен ақшаның мұқтаждарға тікелей жетуін қадағалайды

Alibaba корпорациясы апта сайынғы қайырымдылық форумында өзара көмек және меценаттық саласына арналған  блокчейн-технологияны ұсынды.

Ол қазір Alibaba Charity, сондай-ақ Alipay Charity түрінде қолданыста бар. Компания үш жыл қатарынан орталықтандырылмаған технологияларды патенттеуде көш бастап келеді. Charity-платформалары қабылданған қайырымдылықтың 60% қайда жұмсалғанын анық көрсетеді. Яғни меценаттар бұл қосымша арқылы қаржысының мұқтаж адамға жетуін тікелей бақылай алады. Мамандар халықаралық қайырымдылық блокчейнін жасап шығаруды көздеп отыр. Қазірдің өзінде 60 қайырымдылық қоры платформаны қолдаған.

Хабар 24 телеарнасы