420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лос-Анджелесте өте жоғары температурадан жол конустары еріп кетті

  • 100
  • UPD: 10:45, 07.09.2020
Лос-Анджелесте өте жоғары температурадан жол конустары еріп кетті

Мамандардың айтуынша, жақын күндері одан да жоғары температура күтіледі.

Калифорнияның ірі қаласы Лос-Анджелесте ауа температурасы Цельсий бойынша 49,4 градусқа көтерілді. Бұл көрсеткіш метеобақылауда бұрын-соңды кездеспеген дерек саналады. Бұл туралы АҚШ-тың Ұлттық метереологиялық қызметі хабарлайды.

Ақпарат бойынша бұл көрсеткіш тек Лос-Анджелестің өзінде ғана емес, көршілес аудандарда да байқалды. Жақын күндері температура бұдан да жоғарылайды деп жоспарланып отыр.

Қала тұрғындары әлеуметтік желілерге қала көшелеріндегі жол конустарының еріп кеткені көрсетілген фотоларды жариялауда. Алайда олардың қатарында бұл ситуацияны өз мақсатында қолданғандар да табылды. Мысалы, көліктің алдыңғы әйнегіне тоқаштарын қойып, пісіру.

Бұдан бұрын тамыз айының ортасында Калифорнияда аптап ыстық пен өрт салдарынан төтенше жағдай енгізілген болатын. Сан-Диего аймағында жаппай эвакуация жарияланды.

Хабар 24 телеарнасы