420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда коронавирус таралуы жөнінен кезекті антирекорд орнады

  • 106
  • UPD: 10:57, 07.09.2020
Үндістанда коронавирус таралуы жөнінен кезекті антирекорд орнады

Үндістан әлем бойынша коронавирустың эпидорталығына айналып барады. Аймақта тәулігіне тіркелген науқастардың саны 90 мыңнан асып, антирекорд орнады.

Мамандар вирустың ірі шаһарларда ғана емес, шалғай елді мекендерде де тез тарап жатқанын айтады. Елдің денсаулық сақтау министрлігі ауру жұқтырғандардың жалпы саны 4 млн асқанын хабарлайды. Ал қаза тапқандардың қатары 70 мыңнан асқан. Сарапшылар небәрі екі аптаның ішінде 1 млн адам індеттің құрығына іліккенін хабарлайды.

Сандип Наяр, дәрігер:

- Науқастар саны бойынша АҚШ бірінші орында. Бізбен  салыстырғанда  6 млн адамға көп. Ал бүгінде екінші орында тұрған Бразилияны қуып жетіп қалдық. Үндістандағы көрсеткіш солар шамалас. Бұл әрине мақтанатын жағдай емес. Қайта дабыл қағатын кез. Жергілікті билік жете мән бері қатты көңіл бөлуі керек. Үкімет тиісті шара қабылдап жатқан жоқ. Тұрғындар да дәрігерлердің кеңесін орындамай жатыр. Енді ертеңгі тағдырымызға алаңдаулымыз.

Хабар 24 телеарнасы