429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аргентинада мұғалім Zoom арқылы сабақ өтіп жатқан кезінде қайтыс болды

  • 143
  • UPD: 11:27, 07.09.2020
Аргентинада мұғалім Zoom арқылы сабақ өтіп жатқан кезінде қайтыс болды BBC

Аргентинада Zoom арқылы өтіп жатқан онлайн-лекция барысында Де ла Эмпреса университетінің оқытушысы көз жұмды.

Бұл туралы Clarin хабарлайды.

Басылым мәліметінше, 46 жастағы Паола де Симоненің студенттерге онлайн-лекция өтіп жатқан кезде тынысы тарыла бастаған. Көп ұзамай ол есінен танып қайтыс болған.

Оқиғаға куә болған студенттер мұғалімнің мекенжайын анықтап, дәрігер жібермек болғанымен, де Симоненің оны да айтуға шамасы келмеген.

Тамыз айының соңында де Симоне Twitter-дегі парақшасында шамамен бір айдан бері бойында коронавирус белгілері байқалып жатқанын жазған екен.

Хабар 24 телеарнасы