421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Британияда жастар коронавирус инфекциясының негізгі көзі болып отыр

  • 111
  • UPD: 12:26, 07.09.2020

Ұлыбританияда кеше 3 мыңға жуық адам вирус жұқтырған. Бұл мамыр айынан бері ең үлкен көрсеткіш.

Эпидахуалдың өзгеруіне байланысты жергілікті билік алаңдаушылық білдіріп отыр. Елдің денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, соңғы кездері вирус анықталған науқастардың басым бөлігі жастар. Мамандар тұрғындарға аурудың алдын алу үшін әлеуметтік арақашықтықтың маңыздылығын тағы ескертіп жатыр.

Айта кетейік, Ұлыбританияда ковид-19-ға шалдыққандардың жалпы саны 347 мыңнан асты. 41 мың 500-ге жуығы дертінен айыға алмай көз жұмды. 

Мэтт Хэнкок, Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрі:

- Еуропаның өзге де елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны артып барады. Қазір қауіпті дертпен көбінесе жастар ауырып жатыр. Олар сырттан жұқтырып, үйге әкеледі. Біз көптеген кәсіпорындар мен мектептерді қайта аштық. Оның да әсер бар шығар. Әрине барлық санитарлық талаптар сақталады. Ең бастысы, әлеуметтік арақашықтықты естен шығармауымыз тиіс. Тұрғындар мейілінше мән берсе дейміз. Бұл енді вирустан сақтанудың бірден бір ұтымды жолы.

Хабар 24 телеарнасы