429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кениядағы көлде жүзіп жүрген қоқиқаздар көздің жауын алады

  • 137
  • UPD: 14:00, 07.09.2020

Қорықтың сәні қоқиқаз. Кениядағы Накуру көлінде жүзіп жүрген қоқиқаздар көздің жауын алады.

Ерекше құстар сулы-батпақты айдынға жуырда ұшып келген. Қоқиқаздар су деңгейінің көтерілуіне байланысты 8 жылдан бері басқа аймаққа қоныс аудара бастаған еді. Олар негізінен тұзды, сілтілі шағын көлдерде қорегін тауып, ұя салады. Алайда Накуру кейінгі кездері ернеуінен асып, құстар басқа жерден тұрақ іздеді. Туристер де бұл жерге келуін сиретті. Пандемиядан қорықтың жағдайы тіптен нашарлады.

«Қоқиқаздардың көлге оралуы бұл олқылықтың орнын толтырып, бұрынғыдай құстарды көруге адам ағылады» деген үмітте табиғат жанашырлары.

Айта кетейік, Накуру ұлттық паркінде бүгінде құстың 450, жануардың 50 түрі, соның ішінде әлемде саусақпен санарлық ақ тұмсықты керіктер тіршілік етеді.

Кэролайн Мвебиа, туризм бөлімінің қызметкері:

– Пандемия бізге де оңай соқпады. Қорықты қызықтап келетін туристердің саны біршама қысқарды. Сәйкесінше кіріс азайды. Дегенмен, қоқиқаздардың көлге  оралуы қонақтардың қарасын қайта көбейтті. Бұрынғыдай сұлу жаратылысты әдейілеп іздеп келуші кісі көп.

Хабар 24 телеарнасы