420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бельгияда жұмыссыздар ереуілге шықты

  • 137
  • UPD: 12:21, 07.09.2020
Бельгияда жұмыссыздар ереуілге шықты

Бельгияда жұмыссыз қалғандар бас көтеріп, билікке қарсы ереуілге шықты.

Брюссельде өткен наразылық акцияға жүздеген мәдениет және ойын-сауық қызметінің мамандары атсалысты. Жиналғандар карантин кезінде нәпақасыз қалғандарына наразы. Айтуынша шектеу шараларынан түнгі клуб пен мейрамхана қызметкерлері ең көп зардап шеккен. Енді халық биліктен күн көру үшін жұмыс талап етіп отыр.

Айта кетейік, эпидемия басталғалы 88 мыңнан астам адам індеттің ілмегіне ілікті. 10 мыңға жуығы осы дерттен көз жұмды. Соңғы кездері коронавирус анықталған науқастардың саны қайта арта бастады. Өткен тәуліктің өзінде 650 тұрғынға Ковид-19 диагнозы қойылған.

 

Хабар 24 телеарнасы