421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Калифорнияда орман өртінен екі мың гектар жер жанып кетті

  • 149
  • UPD: 14:04, 07.09.2020
Калифорнияда орман өртінен екі мың гектар жер жанып кетті

Табиғат тосын мінезін АҚШ-қа да көрсетті. Калифорния штатында үш апта бұрын басталған орман өрті 2 мың гектардан астам жерді тып-типыл етті.  Мамандардың айтуынша, әзірге қызыл жалынның 1 проценті ғана ауыздықталған.

Штатқа қарасты Сан-Диего округінде жағдай күрделі. Тілсіз жау жақын маңдағы  елді мекенге қауіп төндіріп тұр. Жергілікті билік аймақ тұрғындарын  эвакуациялау туралы шешім қабылдады. Кейбір ақпарат көздері 10 адам зардап шегіп, тағы екеуі хал үстінде  жатқанын хабарлады. Сонымен қатар бірнеше тұрғын үй мен шаруашылықтар күлге айналған. Апаттан келген шығын мөлшері есептеліп жатыр. Себебі беймәлім. Штат губернаторы Гэвин Ньюсома аймақтағы 5 округте төтенше жағдай режимін жариялады.

Хабар 24 телеарнасы