431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Портлендте нәсілшілдікке қарсы ереуіл басылмай тұр

  • 151
  • UPD: 14:27, 07.09.2020
Портлендте нәсілшілдікке қарсы ереуіл басылмай тұр

АҚШ-тың Портленд қаласында нәсілшілдікке қарсы ереуіл басылар емес. Наразылық акцияда 50-ден астам адам қамауға алынды. 

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, ұсталғандардан суық қару тәркіленген. Шара әдеттегідей тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласты. Ереуілшілер полицияға тас пен жарылғыш зат жаудырған.

Естеріңізге салайық, қара нәсілді афроамерикандық Джордж Флойдтың өлімінен кейін басталған ереуіл АҚШ-тың көптеген елінде белең алды.

25 мамырда Миннеаполис қаласында 46 жастағы Флойд полицей өкілдерінің қолынан жан тапсырған еді. Тәртіп сақшылары күдіктінің қолына кісен салғаннан кейін офицерлердің бірі оның желкесін аяғымен 7 минуттай басып тұрған. Флойдтың қазасынан кейін басталған дүмпу кейбір шаһарда әлі күнге дейін тыйылмай тұр.

Хабар 24 телеарнасы